Тамақ инженериясы


кафедра меңгерушісі
Иманбаев Алимжан Женісұлы
техника ғылымдарының кандидаты

2001 жылы Алматы технологиялық университетін 4201 – "Астық, ұн, жарма және құрама жем технологиясы"мамандығы бойынша бітірген. 2001-2002 жылдары Алматы технологиялық университетінде стажер-оқытушы болып жұмыс істеді, 2002 жылы 05.18.12 – тамақ өндірісінің процестері және аппараттары мамандығы бойынша күндізгі аспирантураға түсті. 2008 жылы "кесу арқылы ұзақ мерзімді сақтау үшін қауынды өңдеу процесін жетілдіру"тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2005-2010 жылдары Алматы технологиялық университетінің "тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "азық-түлік өнімдерінің технологиясы және тамақ қауіпсіздігі"кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында кафедраның қауымдастырылған профессоры болды, "азық-түлік өнімдерінің жабдықтары", "азық-түлік өнімдерінің реологиясы", "сүт кәсіпорындарын жобалау", "тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары" пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізді, сондай-ақ ғылыми қызметпен айналысты "элеваторларды жобалау"бастамашыл тақырыбы бойынша. 40-тан астам еңбегі және екі патенті бар.

   

►Профессор-оқытушылар құрамы

Біздің түлектер

 

Жалпы мәліметтер

«Тамақ инженериясы»кафедрасы

1995 ж. Оңтүстік Қазақстан Техникалық университетінің тамақ факультетіндегі төрт мамандандырылған кафедраларынан «Кондитерлік және қантты заттар технологиясы», «Майлар технологиясы», «Консервілер мен тағам қонцентраттары технологиясы», «Ашыту және шарап жасау технологиясы» бағыттары бойынша мамандар дайындау жүзеге асырылды.

2003 ж. Агроөнеркәсіптік факультетінің ашылуына орай аталған мамандықтар қосылды  және кафедра «Тамақ өндірістерінің технологиясы және тоңазыту техникасы» деп аталды.  

2008ж кафедра Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультет құрамына кірді. 2010 ж. бастап кафедра «Тамақ өндірістерінің технологиясы»  деп аталды.  Кафедраны: т.ғ.к., доцент Бейсенбаев А.Ю. (2003- 2008жж), т.ғ.д., профессор Бахов Ж.К. (2008 – 2009жж) басқарды. 2009 ж.наурыз айынан х.ғ.к., доцент Уразбаева Клара Абдыразаховна басқаруда.

2015 ж. кафедра  «Тамақ инженериясы» (кафедра меңгерушісі Уразбаева К.А.) мен «Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы» (кафедра меңгерушісі Шингисов А.У.)  кафедраларына бөлінді.

«Тамақ инженериясы» кафедрасында 5В072800– Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) мамандығы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бакалаврлар мен 6М072800 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) мамандығы бойынша магистрлер дайындалады.

Кафедрада 20 оқытушы жұмыс жасайды, олардың 11-і ғылыми дәреже және атаққа ие, 2-і доктор PhD, 12- сі техника ғылымдарының магистрлері болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегерлері: химия ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаева К. А.(2014), PhD Серікұлы Ж. (2016), техника ғылымдарының кандидаты Әбдіжаппарова Б. (2018), техника ғылымдарының кандидаты Орымбетова Г. Э.(2018).

Тамақ инженериясы кафедрасының ұжымы

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (ББССҚТА) және Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) рейтингісінде соңғы жылдары кафедра бакалавриаты мен магистратурасы  тұрақты  бipiншi, екінші орын иеленуде.

2015 жылдан бастап кафедрада ҚР индустриальді инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) шеңберінде «бейінді магистратура» бағдарламасы қолданылуда.  Шетел ЖОО серіктестік: Гент Университеті (Бельгия), Латвия ауылшаруашылық университеті (Латвия), Падуи Университеті (Италия), Валенсия политехникалық университеті (Испания), Пловдив Университеті (Болгария), Ақпараттық технология және оптика ұлттық зерттеу университеті (Ресей) қатысуымен «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және тамақ инженериясы», «Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бағдарлама дайындалды. Бизнес-серіктестік ретінде келесі кәсіпорындар қатысты: «Компания Фудмастер-Шымкент» ЖШС, «Амангельды» ЖШС, «Алтын Дән» АҚ, «Рахат-Шымкент» ЖШС және т.б. Осы өндірістердің өкілдері сабақ өткізеді және магистрлік жұмыстардың қосымша жетекшілері болып табылады.

«Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің қауіпсіз технологиясы»  ББ Еуропалық тақырыптық химиялық желілерден (Брюссель, 2017 ж) халықаралық сараптамадан өтті. Euromaster® сапа белгісі және Chemical Technology Euromaster® лейблы алынды. ИИДМБ-2 аясында 186 магистрант білім алып және олар жұмыспен қамтылды.

2018 жылы зертханалар ҚР ИжДМ техникалық реттеу комитетінің Ұлттық аккредитациялау орталығының МЕСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынау мен калибрлеу зертханасының құзіреттілігіне жалпы талаптар»  талабына сәйкес № KZ.T.16.2057 19 сәуір, 2018 (19 сәуір, 2023 жылға дейін жарамды) аккредитация аттестаты алынды.

Тамақ инженериясы кафедрасының лабораториясы

Кафедра меңгерушісі Иманбаев Алимжан Женісұлы Техника ғылымдарының кандидаты Байланыс мәліметтері: г. Шымкент, пр. Тауке-хана 5, блок (АБ), каб.124 Жұмыс телефоны: +7 702 083 7327 E-mail:  Профессор-оқытушылар құрамы Anim pariatur cliche reprehenderit, enim eiusmod high life accusamus terry richardson ad squid. 3 wolf moon officia aute, non cupidatat skateboard dolor brunch. Food truck quinoa nesciunt laborum eiusmod. Brunch 3 wolf moon tempor, sunt aliqua put a bird on it squid single-origin coffee nulla assumenda shoreditch et. Anim pariatur cliche reprehenderit, enim eiusmod high life accusamus terry richardson ad squid. 3 wolf moon officia aute, non cupidatat skateboard dolor brunch. Food truck quinoa nesciunt laborum eiusmod. Brunch 3 wolf moon tempor, sunt aliqua put a bird on it squid single-origin coffee nulla assumenda shoreditch et. Білім беру бағдарламалары Кафедра тарихы Өндірістік базасы Ғылыми-зерттеу жұмысы Біздің жетістіктер


Күнтізбе

Желтоқсан 2023
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2023 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.