Ғылым
Министрліктер мен даму институттары қаржыландыратын іргелі, қолданбалы зерттеулер бойынша ҒЗЖ
2022 жылы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ҚР БҒМ жариялаған 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурста 44 941 536,60 мың теңге сомасына «Пробиотиктер мен антиоксиданттармен инновациялық функционалдық биоксидті сүт өнімдерін өндіру технологиясын жасау» ЖТН жобасы ұтып алынды. Жоба жетекшісі: PhD, аға оқытушы Утебаева А. А.
PhD, аға оқытушы Утебаева А. А.
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ҚР АШМ БНҚ 2021-2023 жж. жобасының бағыты бойынша 41005947,00 теңге сомасында зерттеулер жүргізіледі: тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін биологиялық белсенді заттар мен жеміс-жидек ұнтақтарын алу мақсатында отандық селекциядағы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің перспективалы сорттарын қайта өңдеу технологиясын жасау. Ғылыми жетекшісі: т. ғ. д., профессор Шингисов А. У.
т. ғ. д., профессор Шингисов А. У.
«Тамақ инженериясы» кафедрасында 2022 жылы БНҚ бағдарламасы бойынша «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді қалдықсыз өңдеу» тақырыбында жоба ұтып алынды. 2022-2024жж., жалпы сомасы 250.000.000, 00 теңге, жоба жетекшісі Алибеков Р.С., орындаушылар: Уразбаева К.А., Қасымова М.К., Орымбетова Г.Э.
Х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алибеков Р.С.
2022 жылдың қараша айында «Тоқыма материалдарының технологиясы және жоюалануы» кафедрасының аға оқытушысы Б. Туракулов «Тоқыма өнеркәсібі үшін техногендік қалдықтардан хромит пигменттерін алу мүмкіндігін зерттеу» жобасы тақырыбы бойынша жас ғалымдар байқауында грант алды
Қаржыландыру сомасы: 18 464 670 теңге