Жаңалықтар
Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиясы білім программасында халықаралық реаккредитация процедурасы.
Реакредитацияның 1-ші күні кесте бойынша келесідей іс-шаралар жүргізілді: сараптамалық топпен алдын-ала мәжіліс; білім бағдарламасына жауаптылармен әңгімелесу; зертханалар, техникалық жабдықтарды, оқу және оларға сәйкес бөлмелерді қарау, және де сараптамалық топпен келіссөз жүргізу.
Реакредитацияның 2-ші күні кестеге сәйкес келесідей әңгімелесулер өтті: ЖОО басшылары қатысуымен білім бағдарламасына жауаптылармен әңгімелесу; мамандық бойынша әр-түрлі топ студенттермен әңгімелесу; қадағалаудың ресми органдары өкілдерімен әңгімелесу; кәсіпорын өкілдерімен әңгімелесу; білім бағдарламасы оқытушыларымен әңгімелесу; және соңында білім бағдарламасы қызметкерлерімен қорытынды әңгімелесу.
Қорытындыда ASIIN сараптамалық комиссия мүшелері біздің оқу процесіндегі жасалған жұмыстарды жоғары бағалады және жылы қабылдау мен қонақжайлық танытқанымызға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар алдыңғы аккредитация кезінде 2008 жылы айтылған сын-ескертпелермен жақсы жұмыс істеп түзеткендігімізді атап өтті. Сарапшылар тек жақсы пікірлер айтты және «Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша магистратура ашуға сондай-ақ мамандандырылған ағылшын топтарға беретін оқытушылардың біліктілігін арттыру және ағылшын тілі деңгейін жетілдіру үшін стажировкаға жіберуге кеңес берді.