Жаңалықтар
НАЛИБАЕВ САИД АБДУВАХАБОВИЧ
ИИДМБ
Италияның Падуя қаласында орналасқан Падуи Университетінде 28.02.2016-28.08.2016 ж.ж аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды. Бұл сапардың басты мақсаты -Ірімшік өндіріс технологиясын терең меңгеру, 5 пән бойынша сабақ алу , шет тілінде ғылыми мақалалар жазуды үйрену және де әрі қарайғы қарым-қатынасты берік орнату болып табылды.
Налибаев Саид қамтылған бес ай уақыт аралығында: Food and Wine history and anthropology (Тағам және Шарап өндірісі тарихы және антрапологиясы), Food microbiology and quality (Тағам микробиологиясы және сапасы), Food safety and hygiene (Тағам қауіпсіздігі және гигиенасы), Food traceability for food quality (Тағам сапасының зерттеу), Italian language A1 level course (Италияндық тіл курсы А1 деңгейі). Аталған барлық сабақтарды сәтті түрде аяқтап, 27 ECTS игерді. Сонымен қатар көптеген семинар, ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысып білімін шыңдады. “Еуразиялық Одақ аумағында зәйтүн майын өндіру” тақырыбында топтық жобаны қорғады.
Падуи Университетінде оқу барысында Налибаев Саид бірнеше рет өндіріс орындарында болып, мақсатқа сәйкес тәжрибе алмасты, сол бойынша қосымша ақпараттарға ие болды. Италияның көптеген аймақтарында Ірімшік өндіру технологиясы бойынша маңызды мәліметтер топтады. Сонымен қатар Университеттің лабараториялық зертханасында эксперимент жүргізді.
Италияда оқыған алты ай уақыт аралығында, Налибаев Саид ағылшын тілін терең меңгерумен қатар италияндық тілдіде жетік меңгерді. Қажетті пәндер бойынша сапалы білім алып, емтихандарды сәтті аяқтады. Диссертациялық жұмысты жазу үшін қажетті білім игерді.