«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы


«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өтті.

Жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.

Қосымша «құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі». Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы - 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Шетелдерге шығушылар үшін қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарату алады. Шетелдіктерді әсіресе Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады.

Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

«Біздің қосымшамыз көпшіліктің назарына ілігіп, ол арқылы шетелдіктер мен қазақстандықтардың өздерінің достары мен таныстарын ұлан-байтақ елімізбен жақынырақ таныстыруларына қосымша мүмкіндік туындайтынына үміт артамыз.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Тікелей сілтемелер:

 

AppStore - https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

 

Play Market - https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

 

Жеке компьютерде пайдалану үшін Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы (www.mfa.gov.kz) Windows-нұсқасын орнату мүмкіндігі бар.

Қосымша туралы мәлімет:

  • әрқайсысында жеке  фотогалереясы бар 68 тарау;
  • Барлығы 370-тен астам фотосурет;
  • 24 бейнеролик;
  • 12 3D объектісі;
  • 20 панорамалық фотосурет
  • 12 интерактивті 3D кескін;
  • 4 интерактивті 3D картасы.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын таныстыратын қысқаша бейнероликпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.