Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша есебі


орындалды.

     Шымкент қаласындағы Аграрлық колледжіне  кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін 2016 жылы 5-6 ақпан  аралығында  университет тарапынан ұйымдастырылған кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кафедрамыздың профессоры, т.ғ.д. Шыңғысов А.Ө., аға оқытушы  Қожабекова Г.А. іс-сапарға барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты.

      Кафедрамызға бөлінген №52 қалалық жалпы орта мектеппен келісім-шарт жасасып, жұмыс жасап келе жатқанымызға 10 жыл болды. Осы мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен және  бітіруші түлектерімен кафедрадан жауапты т.ғ.д., профессор А.Ө. Шынғысов оқу жылы бойында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп отырды және бул мектепке кафедраның кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты т.ғ.к., доцент М.Ж. Абишев болды.  Олар мектептің бітірушілерімен тығыз байланыста, олармен кездесіп болашақта қандай мамандық таңдағаны туралы, сонымен қатар қандай оқу орынын таңдағаны туралы әңгіме жүргізіп қайтты. Мектептің бітіруші түлектерінің ата-аналар жиналысын ұймыдастырып, қатысып, балалардың болашақ мамандық пен оқу орынына дұрыс таңдау жасауға ата-аналарының да ықпалы бар болғандықтан, үгіттеу жұмыстарын ата-аналардың өздеріне де жүргізді.

      №52  мектепте биылғы жылы 3 бітіруші сынып бар, онда 78 бала мектеп бітіреді, сыныптарынан ҰБТ тапсыруға 58 бала үміткер болып отыр.   Соның ішінде жоғарғы оқу орынына түсем деушілердің көбі физика және тарих пәндерін таңдаған. Арасында биология және химия пәнін таңдаған оқушыларда бар.

      Кафедрада оқытушылары Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11 колледждердің біздің мамандықтар бойынша бітірушілерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізді. Оқытушылардың әр қайысысына нақты бір коллледжден бекітілген. Сол колледждердің бітірушілерінің барлық мәліметтерін алып, олардың ата-аналарымен ОҚМУ-нің мамандықтарына колледжден кейінгі оқитын балаларға бөлінген мемлекеттік гранттарға оқуға түсуге шақырып, жұмыстар жүргізілді.

        Шымкент қаладағы № 6 Кәсіби мектепте доцент Абишев М.Ж. бітірушілерімен бағдар беру үгіттеу жұмысын өткізіп, мамандықтар туралы мәліметтерді беріп келді. 

       Осы оқу жылының соңғы 25 мамыр күні кафедрамыздың меңгерушісі, профессор, т.ғ.д. Шыңғысов А.Ө. және кафедра оқытушылары  Садырбаева И.Р. және Қоштаева Г.Е. қаламыздағы № 52 жалпы орта мектептің соңғы қоңырау күніне арналған жиынға қатысып, мектеп бітіруші түлектерге өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, кафедраның мамандықтарымен қоса М.Әуезов атындағы ОҚМУ–дың барлық мамандықтарын таңдап оқуға түсуге  шақырды.

       Алдағы уақытта кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу талапкерлерімен М.Әуезов атындағы ОҚМУ университеттің бас ғимаратының алдында жалғастырылады.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.