«Білім күніне» орай концерт ұйымдастырылды


мен профессор-оқытушылары Қызғалдақ субұрқағы жанында "БІЛІМ" күнін атап өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қожамжарова Дария Пернешқызы ата аналар мен студенттерді жаңа оқу жылы мен құттықтап, университеттің жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да тапқыр, білгір де білікті болатындарыңызға кәміл сенемін» - деп студенттерге сәттілік тіледі.
1-курс студенттеріне Білім кілті мен студенттік билет тапсырып, сәттілік тіледі.

Ал, жаңа оқу жылында университет табалдырығын аттаған жастар өз кезегінде жоғары оқу орнына лайықты студенттер боламыз деп үш тілде ант берді.

Іс-шараға Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің  ұстаздары мен студенттерінің белсенді  қатысуымен, ата-аналарға мерекелік концерт көрсетіліп,ата-аналар мен, студенттеріміз де өз құттықтау сөздерін жолдады.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.