«Тамақ инженериясы» кафедрасында академиялық ұтқырлық.


ұтқырлық.

 

Академиялық ұтқырлық деп арнайы уақыттық мерзімге басқа білім беру немесе ғылыми ұйымдарға оқытушылар немесе студенттерді оқуға, сабақ беруге, ғылыми жұмыспен айналысуға немесе біліктілігін арттыруға жіберуді айтамыз.

Біздің «Тамақ инженериясы» кафедрасы бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда, жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедраның үздік студенттері семестрлік оқу жылын серіктес-жоо-да өтуде.

«Тамақ инженериясы» кафедрасы студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасын халықаралық келісім-шарт негізінде келесідей шетел және ТМД серіктес жоо-да жүзеге асыруда:

  • Латвия ауылшаруашылыгы университеті (Латвия)
  • Падуан университеті (Италия)
  • Валенсия Политехникалық университеті (Испания)
  • Гент Университеті (Бельгия)
  • Ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінің суыту және биотехнология институты (Рессей)
  • Тамақ өндірісі Мәскеулік мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы, Ресей)
  • Қолданбалы ғылымдар жоғарғы оқу орны (Гамбург қаласы,  Германия)
  • Краков ауылшаруашылық университеті, (Краков)
  • Приморск Университеті (Словения)

2019 оқу жылдары Erasmus+ бағдарламасы бойынша Падуан университетінде (Италия) 3 магистрант: Амангелди М., Лонкин В., Гапурова Н. және 1 студент Карсыбаева А. - Приморск университетінде (Словения) білім алды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары Алматы Технологиялық университетінде (Алматы қаласы) 2 студент: Алтаева М., Әли В., ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттерінде (Астана қаласы) кафедрамыздың 3 студенті Өтебай А., Пайызхан А., Байжан Д. білім алды.

Шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жолға койылуда. Бельгия, Ресей, Италия, Латвия, Украина ғалымдары біздің кафедраның магистранттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылып, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда, және де Шымкентке келіп лекция оқуда. 2019 жылдары 2 шетелдік профессорлар біздің «Тамақ инженериясы» кафедрасына келіп лекция курстарын жүргізді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.