Құрметті студенттер!


Білім және ғылым министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарына келесіні ұсынады.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі бойынша көктемгі семестрде/триместрде 1 курс студенттерінің оқу процесін аралас оқыту форматында ұйымдастыру (дәрістер - онлайн, санитарлық режим және 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар - күндізгі форматта).

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

  1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      «1) қоғамдық іс-шараларды өткізбеу және адамдардың жиналу ықтималдығын жою, сабақ аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақытылы босатылуын бақылауды қамтамасыз етсін;»;

«әртүрлі академиялық топтардың үзілісте араласпауын қамтамасыз ету үшін жылжымалы өзгерістер кестесін көздесін.Кестеде ауаны залалсыздандыру мен желдетуді қоса алғанда, аудиторияларды санитариялық өңдеу үшін оқу сабақтары арасында кемінде 20-25 минут үзіліс көздесін.. Студенттердің аудиториядан тыс байланысы болдырылмасын;»;

«12) денсаулығы мен жасының жағдайы бойынша тәуекел тобына жататын қызметкерлердің денсаулығына байланысты факторларды ескеру. 65 жастан асқан адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар дәстүрлі форматта сабақ өткізген жағдайда ЖЖОКБҰ кестесін жасау кезінде кампус аумағында қызметкерлердің осы санатының шектеулі қозғалысын көздеу ұсынылсын;»;

«14) медициналық орталықтардың күшейтілген режимде жұмысын қамтамасыз етсін;

COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда студенттердің өтініші негізінде оларды қашықтықтан оқу форматында оқытуды жалғастырсын және осы өтініштер сапаны қамтамасыз ету комитетінің отырысында қаралсын;

оқу корпустарында және жатақханаларда СЭР сақтау қағидаларына өзгерістер енгізсін;

                білім алушылар үшін СЭР стандарттарының сақталуын қамтамасыз етсін және оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің аудиторияларда, бетперде кию туралы міндеттемесін қарастырсын. Бетпердесіз келген студенттер аудиторияларға жіберілмесін.

                СЭР нормаларын сақтай отырып, ЖОО оқу корпустары мен жатақханаларын дайындау және күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарында оқытуды өткізуге дайындық туралы аймақтардың СЭС қорытындысы алынсын;

көктемгі семестрге дейін білім алушыларды бөлмелердің 50% толымдылығына сәйкес жатақханаға орналастыру қажеттілігін анықтау және орналастыру бойынша жұмыс жүргізсін.»;

«39. 1-курс студенттері үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (лекция және семинарлар – қашықтықтан, санитарлық шараларды және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы  зертханалық және практикалық сабақтарды – аралас формат). Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда                 1-курс студенттері өтініш негізінде қашықтықтан оқытуды жалғастыруға құқылы.

2 және 3-курстарда оқуды келесі білім салалары бойынша қашықтықтан оқыту форматында жалғастырсын:

4-курста академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға (дипломалды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) сәйкес даярлау бағыттарына байланысты қашықтықтан/араласоқыту форматтарында оқытуды жүзеге асыру ұсынылсын.

Аралас, қашықтықтан және дәстүрлі оқыту форматтарында (сабақ кестесі, ағындарды анықтау, контентті қамтамасыз ету, кәсіби практикаларды ұйымдастыру және т.б.) оқу процесін іске асыру үшін Көктемгі семестрдің басталуына дайындық жүзеге асырылсын.

Шетелдік студенттерді, сондай-ақ дайындық курстарында оқитындарды қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастырсын.

Шетелдік академиялық оралымдылықты және тағылымдаманы шектеу.

Виртуалды академиялық оралымдылықты ұйымдастыру ұсынылсын.»;

Шетелдік студенттерді, сондай-ақ дайындық курстарында оқитындарды қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастырсын.

Шетелдік академиялық оралымдылықты және тағылымдаманы шектеу.

Виртуалды академиялық оралымдылықты ұйымдастыру ұсынылсын.»;

Аралас оқыту форматын ұйымдастырған кезде күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарындағы сабақтардың келесі арақатынасы ұсынылсын: дәрістер мен семинарлар – онлайн, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар, санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілсін.

ЖЖОКБҰ-ға да «ішкі академиялық ұтқырлық терезелерін» жоспарлауға рұқсат етіледі, яғни білім алушылардың жекелеген оқу пәндерін онлайн-режимде немесе тұрғылықты жері бойынша өңірдің басқа ЖЖОКБҰ-да зертханалық сабақтарды оқуын ұйымдастыруға рұқсат етілсін.».

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.