Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу
08.10.2021ж М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің 1-курс білім алушыларына университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты, Әдеп кодексі, Академиялық адалдық және жатақхананың ішкі тәртіп ережелері түсіндіріліп, «Сенім телефоны», «14-24», «Ректор блогы» мен өзге де байланыс арналары таныстырылды. Қалалық ақпараттық штаб мүшесі «Parasat» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы м.а. Г.С.Дулатова, «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің деканы Г.С.Кенжибаева, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары М.Е.Исмайлова академиялық адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттап, 1-курс студенттерін «Sanaly urpaq» клубы құрамына қабылдау туралы ақпарат берді.