Жаңалықтар
Ұлттық құндылықтар - Ел болашағы
14-наурыз сағат 14:00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Тамақ және қайта өңдеу технологиясы" кафедрасы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының тәлімгерлері Ж.И.Сатаева мен Ж.С.Желеуованың жетекшілігімен "Ұлттық құндылықтар - ел болашағы" тақырыбында топ студенттерімен (20-21 ЖТ-20-7к1 топтары) ашық тәлімгерлік сабақ өткізді. Көрісу мерекесімен тұспа-тұс келген ашық сабақ онлайн режимде ZOOM платформасында өтті. Студенттер мен тәлімгерлер сбақта ұлттық құндылықтар жайында презентациялар көрсетіп, тақырыпқа байланысты қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары мен дәст.рлерін айтып, екі университеттің студенттері бір-бірлеріне сұрақтар қойып, сөзжұмбақтар жасырды. ЖТ-20-7к1 тобының студенттері өздері түсірген қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін бейнероликтер көрсетті. Ашық сабақ соңында Ибрагим Ескендірдің орындауындағы "Көк тудың желбірегені" атты өлеңін айтып, ашық сабақты жоғары деңгейде өткізіп алды.
powered by social2s