Қарттарым асыл қазынам.


Image
Қазақ  халқының бір бұлтарпас  тамаша  қасиеті -  өзімдікі, өзгенікі  деместен үлкенді силау, құрметтеу туа қанға сіңірген тәрбие.  Бұл ата-бабаларымыздан келе жатқан  аманат дәстүр. 2022 жылдың 20 Сәуірде   «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының қарттар үйінде  «Қарты бар елдің қазынасы бар» - атты мерекелік іс-шара өткізілді. Декан орынбасары  міндетін атқарушы Алмасхан Бекзатов  және Жоғары мектептің белсенді жастарының қатысумен концерттік бағдарлама көрсетілді.Ұжым жетекшісі  қарттар үйіндегі  барлық  тұрғындарын үлкен залға  жинап біздерді қарсы алып бәйек. Қарт болғанымен  көңілдері жас. Олар, әлі де әсем әуенмен тербеле билеп, ән айтуға  құшарланып отыр.  Барлығы бір дастархан басында жиналып, өткенді еске алып, қызықты да әсерлі әнгімелерін айтып, көңілдері бір демделіп қалғандай болды. Өнегелі әңгіме өрбітілді.  

Мұндай мүмкіндік олар үшін күнде бола бермейтіні рас. Ақсақалды аталарымыз бен  ақ жаулықты әже – апаларымызға арналған  бұл іс-шарамызда, тірліктің ағымындағы мәселелеріне байланысты  сахыналық көріністер көрсетіліп, әуезді әндер айтылды. Шәмші ағамыздың  әні орындалғанда қарттары да жастары да әнге қосылып бір тербеліп қалысты.

Қоштасарда ұжым жетекшісі осындай іс-шараның жиі болып тұруын қалайтындарын айтып, қайта – қайта жеткізіп жатты. Қарттар  да бойынан бірнеше жас мөлшерін иықтан тастағандай әсермен қош айтыстық.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.