Ғылымға жастар келуде!


ҚР БҒМ байқауында жобалардың табысты өтуімен құттықтау!

Жоба жетекшісі PhD доктор, «Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғары мектебі деканының орынбасары Утебаева Айдана Аскаровна мен оның командасын ҚР БҒМ жариялаған 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми техникалық жобаларға жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру арналған конкурска ұсынған келесі жобаның мақұлдануымен құттықтағымыз келеді: «Пребиотиктер мен антиоксиданттар қосылған инновациялық функционалды биосүтқышқылды өнімдер өндіру технологиясын жасау».  

Айта кету керек, дұрыс тамақтану салтын ұстанбау және күнделікті стресстік жағдайлар адам ағзасының иммундық жүйесінің әлсіреуі мен созылмалы аурулардың себептері болып табылады. Пробиотиктер мен антиоксиданттар бар сүтқышқылды  өнімдері метаболизм процестерін жақсартады және асқазан-ішек жолдарының белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бұл ретте, жобаның негізгі идеясы инновациялық функционалдық биосүтқышылды өнімдерінің жаңа түрлерін өндіру үшін пробиотикалық микроорганизмдерді (бифидо - және лактобактериялар) табиғи антиоксиданттармен белсендірудің биотехнологиялық процесін жетілдіру болып табылады. 

Жобаның негізгі мақсаты: Жергілікті табиғи өсімдік шикізатынан алынған биологиялық белсенді заттардың сығындылары бар пробиотикалық микроорганизмдерді (бифидо - және лактобактерияларды) белсендірудің биотехнологиялық процесін жетілдіру жолымен инновациялық функционалдық биосүтқышқылды өнімдердің  жаңа түрлерін әзірлеу, сондай-ақ дұрыс тамақтануға, адамның өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға арналған табиғи антиоксиданттары бар функционалдық тамақ өнімдерін жасау.

Жобаның ғылыми жетекшісі Утебаева А.А. т. ғ. к. (РФ) және PhD доктор (ҚР) ғылыми дәрежесі бар; 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде ағылшын тіліндегі 1 оқулық, Web of Science және Scopus деректер базасында 3 мақала, Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда 4 мақала, РФ және ҚР 5 патенті, HIndex = 2: Web of Science, Scopus. Ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Жас ғалым-2020" медалімен марапатталды.

А. А. Утебаеваның жетекшілігімен жас ғалымдар тобын шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс, ғылыми-зерттеу жоспарларының іске асуына және жаңа биіктерге жетуіне тілектеспіз!

Image

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.