Жаңалықтар
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ, БІРТҰТАС ҰЛТ, БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" атты Жолдауын насихаттауға арналған профессор-оқытушылар құрамы арасында дөңгелек үстел өтті.
08.09.2022 М.Ауезов атындағы ОҚУ "Тоқыма және Тамақ инженериясы" ЖМ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт, Біркелкі қоғам" атты жолдауын насихаттауға арналған профессор-оқытушылар құрамы және студенттер арасында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді "Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы" орталығының басшысы т.ғ.к, доцент Жанысбекова Гүлнар Амирбайқызы ашып берді. Факультетіміздегі т.ғ.к. доцент Абишев Марат Джаксыбекович “Жолдаудың үшінші тармағы-жоғарғы оқу орындарын дамыту” атты баяндамасында Жаңа Қазақстанды дамыту жолында атқарылатын іс-шаралар талқыланды.Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы кафедрасының Phd докторы Есжанов Әбілда Әбдікәдірович жолдаудың білім және ғылым саласындағы маңызын айқындап , жолдаудағы білім, әлеуметтік, салаларына талдау жасап, кеңінен тоқталды.

powered by social2s