Жаңалықтар
«Алғыс айту – асыл қасиет» атты тәлімгерлік сағаттар өткізілді
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту күні» мерекесін ЖТ-20-7дк және ЖТ-22-9р топтарында «Алғыс айту – асыл қасиет» атты тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Бұл мереке 2016 жылдан бері Елімізде тойланып келеді. Сол жылы алғыс айту күні Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елдегі мерекелер тізіміне енгізілген болатын.
Топ тәлімгері Желеуова Жазира осы мерекенің шығу тарихын, тойлау дәстүрін және аталмыш мерекенің не мақсатта тойланатындығын айтып өтті. Топ студенттері өздерінің ата-аналарына, туыстарына, достарына, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушыларына үлкен алғыстарын білдіріп, қағаз жапсырмаларына жазып, тал бейнесіндегі плакатқа жабыстырды.
powered by social2s