Талапкерге


«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің әлеуметтік саиттар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпарат

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті 2008 жылдың 29 тамыз күні құрылған факультет құрылымында үш бітіруші «Тоқыма материалдарының және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Жеңіл өнеркәсіп бұймдарының көркем безендендірілуі және конструкциялануы», «Тамақ өндірісінің технологиясы» және үш қызмет көрсетуші «Физика», «Практикалық қазақ тілі» және «Техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі»кафедралары кіреді. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті «Тоқыма және тамақ  инженериясы» жоғары мектебіне болып өзгерді, құрамында «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы», «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы», «Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі», «Тамақ инженериясы» 4 бітіруші кафедралардан тұрады.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің негізін қалаушы т.ғ.д., профессор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы. Ол 2008-2011 жылдар аралығында факультетті басқарды. 2011-2015 жылдар аралығында т.ғ.к., доцент Байжанова Сұлушаш Балабиевна факультет деканықызметін атқарды. 2015-2016 жылдарыт.ғ.к., доцент Тоғатаев Төребек Үсенбекұлы «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектеп деканықызметін атқарды. 2016-2019 жылдарыPhD доктор, доцент Ботабаев Нұржан Еркебайұлы декан қызметін атқарды. 2019-2021 жылдар аралығындак.т.н., Кенжибаева Гульмира Советовна деканқызметін атқарған. 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін жоғары мектепті б.ғ.к., доцент Еркебаева Сапаркуль Умиртаевна басқарып келеді.

«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде 60 астам профессор оқытушылар құрамы, яғни 1 ғылым докторы, 9 PhD доктор, 20 ғылым кандидаты мен доценттер және 30 магистрлер мен аға оқытушылар жұмыс істейді. Шетел ғалымдарын тарту бағдарламасы бойынша «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебімізге Малайзия Путра университетінің «Тамақ инженериясы және процестері» кафедрасының PhD профессоры  Фарах Салин Бинти Таип, Белфаст корольдік университеті, Smart Nano NI жобасының қызметкері PhD Майк Харди, Харьков ақпараттық және есептеу технологиялары федералды зерттеу орталығының директор орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор  Потапов Владимир Алексеевич, Латвия жаратылыстану  Университетінің профессоры Инга Ципровича, Харьков ақпараттық және есептеу технологиялары федералды зерттеу орталығының директор орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор  Евлаш В. Туркия елі, Измир қаласы, Эге университетінің профессоры Элиф Эсер Эке. Акдениз  университеті (Турция) Рмадан Эрдем білімалушыларға дәрістер, семинар және мастер кластар өткізеді.

«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектепте 21 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: 11 бакалавриат, 7 магистратура және 3 докторантура, соның ішінде 4-БББ дуальды жүйеде білім береді.Жоғары мектепте 850 астам студенттер, магистрантар және докторанттар білім алады, оның ішінде 800 жуық білімалушылар мемлекеттік білім грант иегерлері. Студенттердің әскери кафедрада оқу мүмкіндіктері  бар. Әскери кафедраны бітірген студенттер запастағы офисер шеніне ие болады.

Жоғары мектепте Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүйелі түрде іске асырылуда. Қазіргі уақытта«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде  22 жақын және алыс шет елдермен келісім шарттар бар. Падуан университеті (Италия), Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университеті (Латвия), Краков ауыл шаруашылық университеті (Польша),Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық институты (Кемерова қ.), Кубань мемлекеттік технологиялық  университеті,Кырғыз мемлекеттік техникалык университеті, Иваново политехникалық  университеті,  Харьков мемлекеттік тамақтану және сауда университеті (Украйна), Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (Белоруссия), Акдениз  университеті (Турция), Путра Малайзия университеті (Малайзия) шетелдік жоғары оқу орнымен академиялық ұтқырлық келісім шарттар арқылы іске асырылуда.

Жоғары мектептің ғылыми-зерттеу жұмысы стратегиялық және жылдық жоспарларға сәйкес орындалуда, сонымен қатар 4 мемлекеттік гранттық қаржыландырылған және шаруашылық келісім шарттар негізінде 867,832 миллион тенге көлемінде профессор оқытушылар құрамы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жоғары мектептіңбілім беру бағдарламалары өндірістік сипаттағы  мәселелер мен міндеттерді шеше алатын іскерлігі мен дағдысы бар, нарықта бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектердің дайындық сапасы мен сұранысы олардың жұмысқа орналасуының жоғары деңгейімен анықталады. Жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары және еңбек нарығында сұранысқа ие.

Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары бойынша "БөртеМилка" ЖШС, "Шабитекс" ЖШС, "Baltextil" ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС, «Барыс- 2007» ЖШС, «Шымкент Май» ЖШС және т.б. өндірістерде дуальды оқыту жүйесі жолға қойылған.

«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі  еліміздегі және өңірлік ірі кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынастық байланыста. Атап айтар болсақ, «БортеМилка» ЖШС, «ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Каравай» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Мадлен-KZ» ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС, «БалТекстиль» ЖШС, «Бал Декор» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «Special Gear Kazakhstan» ЖШС, «ALLIANCE» ЖШС, «Оңтүстік былғары» ЖШС «Холмурзаев» ЖК, «Ақтоты и К» ЖШС, ЖШС т.б. кәсіпорындар болып табылады.  Жоғары мектеп бітіруші түлектері келесідей тоқыма және тамақ өнеркәсіптерінде жұмыс істейді: «Гаухар» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкентмай» ЖШС, «Фудмастар» ЖШС, «Шымкентсүт» ЖШС, «НазарТекстиль» ЖШС, «Azalla Textile»ЖШС, «Azalla Сotton» ЖШС, «АГФ» ЖШС, «Ақ Алтын» ЖШС, «Шаби текс» ЖШС, «Дом моды» ЖШС, «Фиорентина» ЖШС, «Diyar Resto» ЖШС және т.б.


 

Бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары және ҰБТ бейіндік пәндерінің тізімі

Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі

БББ тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Білім беру  бағдарла

масы нөмірі

Білім беру бағдарламасы атауы

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В068

Азық  түлік өнімдерінің өндірісі

6В07241

Өсімдік майылары және  майлар технологиясы

Биология

Химия

 

 

 

 

 

 

Химия

 

 

 

 

 

 

Микробиология

6В07242

Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы

Биология

Химия

6В07244

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағамдық технологиялар және тамақтандыруды ұйымдастыру

Биология

Химия

6В07245

Ет және ет өнімдерінің технологиясы

Биология

Химия

6В07250

Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

Биология

Химия

6В07252

Қантты заттар және қантты кондитерлік өнімдер технологиясы

Биология

Химия

6В07253

Тамақ қауіпсіздігі және инженерия

Биология

Химия

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

6B07230

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Математика

Физика

Химия

Тігін өндірісінің материалдары

6B07231

Сән индустриясы және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының тауар айналымы

Математика

Физика

6B07260

Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

Математика

Физика

6B07261

Инновациялық тоқыма, дизайн және декор

Математика

Физика

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.