Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы.


Image
Image

Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі 2022 жыл  сәуірдің 13-і күні  ерікті жастармен және белсенді студенттермен  бірге «Махаббат қызық мол жылдар» атты концерттік бағдарлама өткізді.

Мерекелік концертке көптеген қонақтар шақырылды: Әлеументтік және тәрбие жұмысының орынбасары Мереке Ережепқызы және  факультет, жоғары мектептер кафедра меңгерушілері.

Мерекелік іс-шараның басталуы жоғары мектептің деканы С.У. Еркебаеваның және тәрбие ісі бойынша декан орынбасары Алмасхан Бекзатовтың барша қауымды атаулы мерекемен құттықтау жылы лебізін білдірумен ашылды.Осыдан 5 – 10 жыл бүрын 14 ақпан жақындаған сайын көшеде қызыл жүрекшелерден аяқ алып жүру мүмкін болмайтын кездер болатын еді.  Өзіміздің университет ішінде де студент жастар арасында  ʺвалентинкаларʺ таратып  үбір-дүбір болып жататын.  Демек, оның тарихы мен ұғымынан бейхабар болса да, жастар үшін махаббат күнінің болғаны керек болғанын байқататын. Бұл мейрам жастардың  жалын алауын оятатыны байқалатын.  Алайда ʺВалентинʺ деген кім? – болмысы таныс емес атаумен мереке тойлағанша,  осы мерекені қазақтың  ауызда  жүрген аңызы ʺҚозы-Көрпеш – Баян Сулуʺ күні деп белгілеп, дәстүрге айналдырсақ деген мақсатпен осы 15 сәуір  - махаббат күніне  мерекелік іс-шара ұйымдастырып  отырмыз. Әуендете орындалған әндер, нақышына келтіріліп билеген бишілердің тартуы, мерекенің ажарын ашты. Белсенді студенттердің бұл мерекеге  барлық құштарымен ат салысып, жоғары дәрежеде аталып өтілгені біздерге де қуаныш сыйлады. Әбілқас Жанеркенің орындауында «Шын ғашықтар» әні керемет орындауымен сахна  төрін әрлендірді. Сан қилы би көріністерімен жоғары мектеп  белсенділерінің орындауында «Белый вальс» биі орындалды.

«Тақиялы періште» кинофильмінен үзіндіні студент жастарымыздың бар ынтасымен  орындауы, олардың  мамандықтан да басқа шеберлік  қырларының барын көрсетті.  Осы фильмдегі «Одиссей» биі де сахнаның көрінісін ажарландыра түскендей болды. Мерекелік іс-шараға факультет қонақтары да шақырылды. Қонақтар арасынан  Құрылыс факультетінің студенті Қошманов Мұрат пен Бағланның орындауында «Асылым» әні  қонақ кәде тартуындай болды. Мереке соңында барлық студент жастар сахнаға шығып «Бақыт деген» әнін шырқата  айтып,  ʺАтаулы мерекеʺ келесі келгенше  деп хош айтыстық.


Күнтізбе

Тамыз 2022
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2022 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.