Даму институттары мен Министрлікпен қаржыландырылатын фундаментальді, қолданбалы және тәуекелді зерттеулер тақырыптары.


қауіпсіздігі» кафедрасының грант бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары келесідей тақырыптармен орындалады:

  1. Ет өнімдерін қақтау үшін түтінсіз полифито-сұйықты препаратты өндіру технологиясын жасау. Жетекшісі:  Шингисов А.У.
  2. Ашытылған сүтті өнімдердің сақтау мерзімін ұзарту үшін отандық өсімдік шикізаттарынан антиоксиданттарды өндіру технологиясын жасау. Жетекші: Шингисов А.У.

 

Оқытушылар Абдижаппарова Б.Т. және Уразбаева К.А. TEMPUS QUEECA Халықаралық жоба бойынша ҒЗЖ орындауға қатысады.

 

«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасында Білім және Ғылым министрлігімен қаржыландырылатын 2 қолданбалы зерттеу жұмысы орындалады:

  1. Сақиналы иірім жіптің құрылымдық құрылымын жоғарылату жолымен оның сапасын жоғарылату технологиясын жасау. Жетекші: Тогатаев Т.У.
  2. Темір негізіндегі биологиялық белсенді қоспаларды және суда тез еритін витаминдерді жасау. Жетекші: Сабиров В.Х.

 

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» кафедрасында ҚРБжҒМ қаржыландырылуымен 2 қолданбалы ҒЗЖ орындалады.

 

1. Тоқыма материалдарын жоғары жылдамдықты жиілікпен сәулелендіру жолымен ақтау технологиясын ғылыми негіздеу және жасау.

2. Иірім жіп сапасын мақта талшықтарын электр өрісінде таңдау жолымен жоғарылату технологиясын ғылыми негіздеу және жасау. Жетекші: Мырхалыков Ж.У.

S

Шетелдік ғалым Степанов Сергей Гаевичпен тренинг-семинар

       2019 жылы 29 қазанда Д корпусының 410 аудиториясында Иваново (Ресей) мемлекеттік политехникалық университетінің профессоры Сергей Степановтың қатысуымен «Применение разработанной теории строения тканей полотняного переплетения к решению практических задач» тақырыбында Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған тренинг-семинар өтті.

Шетелдік ғалым Степанов Сергей Гаевич «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасына 2019  арналған шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында 2019 жылдың 14 қазаннан бастап 11-қарашаға дейін білім алушылар мен ПОҚ-ға қатысты дәріс оқу және ғылыми кеңес беру мақсатында келді.

 

         AP05133582 Техникалық бұйымдардың жаңа  жоғары технологиялық үлгісін жасау мақсатында матадан армирленген қаңқалы қысымды өрт сөндіру түтігін жобалау  және есептеу  әдістерін әзірлеу

           Жұмыстың мақсаты техникалық бұйымдардың жаңа  жоғары технологиялық үлгісін жасау мақсатында матадан армирленген қаңқалы қысымды өрт сөндіру түтігін жобалау  және есептеу  әдістерін әзірлеу болып табылады.

       Есеп беру кезеңінде АҰ«БЕРЕГ»  өндірісінде ішкі гидравликалық қысымның көмегімен ӨҚТ латекстелген мықтылық есебі үшін алғашқы мәліметтер анықталды, ӨҚТ жіптері арасындағы байланыс аумағын заманауи өлшеуіш аппаратын және жіптің көлденең мыжылу коэффициентінің шамасын анықтаудың статистикалық әдістерін әртүрлі диаметрдегі ӨҚТ қаңқалы қысымды өрт сөндіру түтігінің жіптері  арасындағы байланыс аумағының үзындығын анықтау үшін кешенді тәжірибелік зерттеу жүргізілді. Алынған формулалар негізінде Mathcad 15 пакеті компьтерлік технологияны қолданып ӨҚТ ішкі үзілу гидравликалық қысымын анықтау үшін қолданады, бұл 1,6 МПа жұмысшы қысымына есептелген. 

Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары өрт қауіпсіздігі бөлімшелері, ҚР ұйымдары және өндірістері болып табылады.

 

AP05133902 Тағайындалуы әртүрлі мақта целлюлозасын алуда экологиялық  қауіпсіз технологияны өңдеу

Жобаның мақсаты - жергілікті шикізат негізінде әртүрлі мақсаттарда мақта целлюлоза өндірісінің экологиялық таза технологиясын зерттеу және жасау.

Әдістемелік жұмысты шешу үшін химиялық өңделген мақта целлюлоза қасиеттерін зерттеу мақсатында физикалық, физико-химиялық және құрылымдық әдістер қолданылды, яғни, сутегі асқын тотығымен пісіру және ағарту.

Өзінің сапалық сипаттамалары бойынша ағартылған целлюлоза талаптарға сәйкес келеді және ақтықтың орташа деңгейі 90%-ын құрайды, бұл сутегі асқын тотығының тұрақтандырғышын қолданбай ағартылған мақта целлюлозасынан 5-6%-ға жоғары.

Ұсынылып отырған әзірлеме целлюлозаны полимерлеу мен ақтықтың жоғары қарқынымен алуға, тұрақтандыру мәселесін және өндірістік циклде сутегі асқын тотығының жоғары ыдырауын шешуге мүмкіндік береді.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.