Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі

Кафедра меңгерушісі
    
Шингисов Азрет Утебаевич

    
Техника ғылымдарының докторы, Профессор, Қазақстан Республикасының  ауыл-шаруашылық ғылымы академиясының және Ресей Федерациясы жаратылыстану ғылымы академиясының корреспондент мүшесі   
                        
Мекен-жайы: Шымкент, Тәуке-хан даңғылы 5,  №5 (Д), каб.313Д      
Тел.: 21-19-84
    
►Профессор-оқытушылар құрамы

     Кафедра тарихы

    «Азық түлік тағамдар қауіпсіздігі және технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Кафедра 1963 жылы "Тоңазытқыш және компрессорлы машина және қондырғылар" деген атпен құрылып және осы бағытта 1995 жылға дейін мамандар дайындады. 1995 жылдан бері 1102- Техника және төмен температура мамандығы бойнша мамандар дайындалды. 1993 ж. келесідей тамақ өндірісі мамандықтарына: 4204- Ашыту өндірісі және шарап жасау технологиясы, 4206- Консерві және тағамконцентраттар технологиясы қабылдаулар жүрді. 2001 ж. 554230- Азық-түлік технологиясы (бакалавр) мамандығына қабылдаулар жүзеге асырылды. 2003 жылы барлық тамақ өндірісі мамандықтары біріктірілді.  Бұлар 4206- Балық және май өнімдері технологиясы; 4202- Кондитер және қантты өнімдер технологиясы; 4207- Қоғамдық тамақтану өнімдер технологиясы; 4201- Нан өндірісі және бидай өңдеу технологиясы. 2001 ж. кафедра атауы "Тамақ өндірісі технологиясы және тоңазыту техникасы" болып өзгертілді. 2004 жылдан бастап келесі мамандықтар: 050727-Азық-түлік технологиясы және 050728 – Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындау қолға алынды. 2010 жыл қыркүйек айынан бастап кафедра атауы  «Тамақ өнімдері технологиясы» боп өзгертілді.

    Жалпы мәлімет

         2015ж кафедра екі мамандық дайындау мақсатында кафедра екі кафедраға бөлінді.  Біріншісі «Тамақ инженериясы» , ал екіншісі «Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі, яғни 5В050728 – Өңдеу өндірісінің технологиясы және 5В050727-Азық-түлік технологиясы мамандытары бойынша мамадықтар дайындап келеді.

          Соңғы жылдары кафедра тұрақты түрде «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дайындауда.Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламасы  бойынша 2-ші орынды иеленіп келеді және 2016 -2021 жылдар арасында  ҚР ЖОО студенттері арасында өткізілген республикалық пәндер олимпиядасында  5В072700-Азық-түлік өнімдері технологиясы мамандығы бойынша II және III-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

         Сондай-ақ 2016 -2021 жылдар арасында  ҚР ЖОО-да біздің студенттер студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстарда II,III дәрежелі дипломдармен марапатталып,кафедраның білім берудегі беделін асыруда.

         2006 ж. бастап кафедра бакалаврларды қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де оқытып дайындауда. 2012 жылдан бастап «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандықтары «Политілді» экспериментальды оқыту программасына ендірілді.

           2008 ж. 050727- Азық-түлік өнімдері технологиясы мамандығы ASIIN неміс компаниясында аккредитациядан өтті.

       2019 жылы кафедрада 6В07241- Майлар және өсімдік майлары технологиясы, ал  2020 жылы 6В07242-Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр манадықтарын дайындап келеді.

         2020 жылы кафедрада  7М07243- "Азық түлік өнімдерінің технологиясы" және  7М07240- «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға  студенттер қабылданды.

        Кафедрада  жақсы үйлестірілген жұмыстың нәтижесінде  2021 жылы  6В07245-Ет және ет өнімдерінің технологиясы және  6В07243- Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағамдық технологиялар және тамақтандыруды   атты бакалаврлар мамадықтарын дайындайтын   білім беру бағдарламалары ашылды.

        2021-2022 оқу жылыданда бірінші рет 8D07240- "Функционалды тамақ өнімдер өндірістерінің инновациялық технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша  доктарантураға 4  студенттер қабылданды. 2022-2023 оқу жылына 6 тыңдаушы қабылданды.

          Кафедрада 2020 жылдан бастап 6В07242- Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша ЖТ-18-2р тобы дуальді білім беру аясында ЖШС “Бөрте - Милк” сүт зауытындағы кафедра филиалында зертханалық және практикалық сабақтар өтілуде. 2021-2022 оқу жылында 7М07240- «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша ASIIN аккредитациядан өтті. 2022-2023 оқу жылында 6В07241- "Майлар және өсімдік майлары технологиясы" бойынша ЖШС "Шымкент май" кафедрасының филиалы жұмыс істеп келеді.

           Қазіргі уақытта кафедрада 1 т.ғ.д., 7 т.ғ.к.,5 магистлер,  2-phD докторлар жұмыс жасайды.

2022 жылы кафедраның аға оқытушысы Ж.Желеуова 6D072700- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша ph- доктор дәрежесін алды.

      Ғылыми-зерттеу жұмысы

       "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында ҒЗЖ жүргізілуде. Педагогикалық оқытушылар құрамы конференцияларға, ғылыми методикалық семинарларға қатысуда.

     Кафедра оқытушылары  2020-2021 оқу  жылында  ҒЗЖ нәтижелері бойынша 54 мақала жарияланды, оның ішінде 4 мақала импакт-факторы бар журналында, Республикалық журналдарда-7 мақала алыс шетел журналында-3, ҚР халықаралық конференцияларында- 16, республикалық және регионалды конференцияларында-19 ВАК-6 мақала шығарылды.

         Шингисов А.У., Узаков Я.М., Желеуова Ж.С., Байгабылов Р.К. Пайдалы модельге Патент №5323 өсімдік сіріндісімен байытылған Пісірілген-ысталған шұжық өндіру тәсілі, жарияланды 28.08.2020 автор куәлігі алынды.

        «Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 4 ақпандағы №86 бұйрықпен Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 05.18.00 – АТТ мамандығы бойынша Хамитова Барна Махаматовнаға  берілді.

       «Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 25 наурыздағы №288 бұйрықпен Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 05.17.00 – Химиялық технология мамандығы бойынша Калдыбекова Жанат Байжановнаға берілді.

       2020-2021 оқу жылында "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының оқытушысы т. ғ. к. доцент М. Ж. Әбішев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі" басым бағыты бойынша, 5-мамандандырылған бағыт бойынша ұйымдастырған 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысты. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау.

      Тақырыбы:"Тағамдық құндылығы жоғары және нутриенттер мен нанокарбоксилаттарды (микроэлементтерді) пайдалана отырып, ұзақ сақтау мерзімі бар тамақ өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу".

      01.02.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейін "Asyl Arman Herbs" ЖШС-де "Бальзамдардың құрамын биологиялық белсенді заттармен байыту технологиясын әзірлеу" тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілді. Жетекшісі т. ғ. д., профессор А. У. Шингисов.

      2021 жылдың қазан айынан бастап үй шаруашылықтары орындалады."Asyl Arman Herbs" - пен "Д3 дәруменімен байытылған сұйық кальций өндіру технологиясын әзірлеу" тақырыбына 560 мың теңге сомасына, 2 ай мерзімге шарттық жұмыс жасалуда. Жетекшісі т. ғ. д., профессор А. У. Шингисов.

      т.ғ.д., профессор А.У.Шингисовтің жетекшілігімен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2021-2023 жылдарға арналған жұмысты 267 "Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы 101 "Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру" кіші бағдарламасы бойынша 154 "Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу"ерекшелігі бойынша орындайды.

      Кафедра 2022-2023 оқу жылында кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Шингисов А.У. жетекшілігімен ЖШС "Asyl Arman Herbs" келісім шарт негізінде екі тақырып ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізілді. 

      2020-2021 оқу жылында  өндіріске және оқу процесіне жалпы 14 актілер енгізілген.

     Кафедраның phD докторы, аға оқытушысы А.А.Утебаева 2022-2024 жылдары бойынша жас ғалым атағын жеңіп алды.

      Кафедраның т.ғ.д. Шингисов А.У., т.ғ.к., қауымд.профессоры Хамитова Б.М. және докторант Кайсарова А.А. алтын медальмен марапатталды.

    «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында  2021-2022 оқу жылында  193 студент білім алуда.

    Біздің жетістіктер

      Соңғы жылдары кафедра тұрақты түрде «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дайындауда.Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламасы  бойынша 2-ші орынды иеленіп келеді және 2016 -2021 жылдар арасында  ҚР ЖОО студенттері арасында өткізілген республикалық пәндер олимпиядасында  5В072700-Азық-түлік өнімдері технологиясы мамандығы бойынша II және III-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

         Сондай-ақ 2016 -2021 жылдар арасында  ҚР ЖОО-да біздің студенттер студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстарда II,III дәрежелі дипломдармен марапатталып,кафедраның білім берудегі беделін асыруда.

        Халықаралық  деңгейде студенттердің басқа ЖОО-да конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу

 «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында оқитын білім алушылар Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсына студенттермен  ғылыми жетекшілерімен және оқытушылар қатысты.

            Техникалық ғылымдар, 6В07240 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы бөлімі бойынша СҒЗЖ конкурстық комиссиясы, 02. 2022 жылғы № 31нқ ЖОО ректорының бұйрығымен бекітілген.

            2022 жылғы СҒЗЖ конкурсына техникалық ғылымдар, 6В07240 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы бөлімі бойынша 3 жұмыс келіп түсті (3 студент, 5 ғылыми жетекші)

            Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, ЖОО конкурстық комиссиясы марапатқа ұсынуға шешім қабылдады:

     1 дәрежелі министрлік дипломдарымен "Қызылша шырыны мен мыңжапырақ сығындысы қосылған сары су негізіндегі сусын технологиясын әзірлеу" тақырыбы бойынша жұмыс-студент Еребаева А.М. гр. ЖТ-18-2к3, ғылыми жетекшісі: Тасполтаева А.Р.

II дәрежелі министрлік дипломымен 1  жұмыс "Емдік-профилактикалық және диеталық қасиеттері бар функционалды ингредиенттерді қолдана отырып, балмұздақтың жаңа түрінің рецептурасын жасау" тақырыбындағы жұмыс орын алды - студент Мирахметова Д.Б. гр. ЖТ-18-2р4, ғылыми жетекшілері: Абишев М. Ж., Садырбаева И. Р.

III дәрежелі министрлік дипломымен  "Қалақай жапырақтары мен қымыздық қосылған қояннан жасалған диеталық тағам технологиясын жасау" тақырыбындағы жұмыс мараппаталды-студент Бердикарим А. А. гр. ЖТ-21-7к1, ғылыми жетекшілері: Қалдыбекова Ж. Б., Коштаева Г. Е.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz

Please publish modules in offcanvas position.